Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Қазақстан бокс федерациясының мамандары Жапонияда тәжірибе алмасты

Қазақстан бокс федерациясының мамандары Жапонияда тәжірибе алмасты

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан бокс федерациясының мамандары Жапонияға іс-сапармен келді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.

Бұл сапардың бірқатар мақсаты бар: Қазақстан және Жапония бокс федерациялары арасындағы серіктестік қалыптастыру және өзара тәжірибе алмасу.

Сонымен қатар, мамандар биыл өтетін Азия ойындарының нысандарын аралап, кешенді жарыс қатысушыларына арналған қонақ үй, жарыс аренасы және тағы басқа мәселелермен танысады.

Естеріңізге сала кетсек, 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында ХХ Жазғы Азия Ойындары өтеді, бокс бәсекесі Айчида префектурасы, Нишио елдімекенінде ұйымдастырылады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан