4 сағат бұрын
Нұрбек Оралбай енді жаңа салмақта сынға түседі
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Бокстан Қазақстан құрамасы мүшесі Нұрбек Оралбай енді 90 келі салмақта бақ сынайтын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл ақпаратты Қазақстан бокс федерациясы растады.
Нұрбек Оралбай 2000 жылы 11 маусымда дүниеге келді. 2024 жылы Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта күміс жүлдегер атанса, сол салмақта 2023 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Сондай-ақ ол биыл Моңғолияда өткен Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілсе, 2022 жылы қола жүлдегер болды.
Моңғолиядағы құрлықтық додада бұл салмақта еліміздің атынан Сағындық Тоғамбай сынға түсті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан