1 күн бұрын
Әлем кубогы: Қазақстан құрамасы анықталды
Қазақстан бокс федерациясы 2026 жылғы Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысатын ұлттық құраманың тізімін жария етті.
Турнир 20–26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді.
Ерлер құрамасы:
50 кг — Даниял Сабит
55 кг — Бағлан Кенжебек
60 кг — Жансері Қошербаев
65 кг — Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
70 кг — Фарух Тоқтасынов
75 кг — Санжарали Бегалиев
80 кг — Диас Молжігітов
85 кг — Сұлтанбек Айбарұлы
90 кг — Дәулет Төлемісов
Әйелдер құрамасы:
51 кг — Алуа Балкибекова
54 кг — Назым Қызайбай
60 кг — Виктория Графеева
65 кг — Айда Әбікейева
70 кг — Наталья Богданова
80 кг — Жібек Жарасқызы
+80 кг — Валерия Аксенова
Айта кетейік, бұл додаға 50-ден астам елден 400-ге жуық боксшы қатысады деп күтілуде. Бразилия бұл турнирді өз тарихында екінші рет қабылдамақ.
Еске салсақ, 2025 жылы осы елде өткен кезеңде қазақстандық боксшылар үш алтын және үш қола медаль жеңіп алған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан