4 сағат бұрын
«Қазақ королінің» келесі қарсыласы белгілі
Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (20-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін аустралиялық Джексон Инглэндке (19-3, 10 КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Жекпе-жек 27 маусым күні Перт қаласында (Австралия) өтеді.
Бұл кездесу IBF нұсқасы бойынша іріктеу жекпе-жегі болмақ. Жеңімпаз әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атану құқығына ие болады. Қазіргі таңда бұл титул мексикалық Эмануэль Наварретеке (40-2-1, 33 КО) тиесілі.
«Уақыт келді. Бұл жай ғана жекпе-жек емес. Бұл әлемдік титулға апарар жол», – деп жазды Сұлтан.
Сұлтан Заурбек соңғы рет 5 сәуір күні Астанада шаршы алаңға шыққан. 12 раундқа созылған жекпе-жекте ол оңтүстік африкалық Азинга Фузилені (18-3, 12 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта IBF Inter-Continental титулын жеңіп алған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов