3 сағат бұрын
Мейірім Нұрсұлтанов чемпиондық жекпе-жекке шығады
WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы рейтингтің бірінші нөмірі, қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов уақытша титул үшін жекпе-жек өткізуге келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz
«Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC нұсқасы бойынша орта салмақта чемпиондық жекпе-жекке келісім-шартқа қол қойды.
Ақпаратқа сәйкес, Нұрсұлтанов уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне ие болды. Қазіргі уақытта қарсылас тараптан жауап екі апта ішінде келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, боксшы бұған дейін екі рет бас тартылған АҚШ визасын алғаны хабарланды», — деп жазады портал.
Отандасымыздың соңғы жекпе-жегі 2023 жылғы 17 қарашада Ташкент қаласында өтті. Ол жерде ол чилилік Хулио Аламосты (19-3, 9 КО) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов