Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Асылқұлов өзбекстандық чемпионмен жекпе-жекке дайын

Асылқұлов  өзбекстандық чемпионмен жекпе-жекке дайын

Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов 2026 жылғы Азия ойындарында Өзбекстан құрамасының көшбасшысы, Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоковпен рингте кездесуді мақсат етіп отырғанын мәлімдеді.

Спортшының айтуынша, олардың текетіресі бұрыннан жалғасып келеді. 2022 жылы Болгариядағы «Странджа» турнирінде ол қарсыласына есе жіберсе, бір жылдан кейін дәл сол жарыста қарымта қайтарып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен.

— Алғашқы кездесуден кейін оның тактикасын зерттедім. Екінші жекпе-жекте өзімді сенімді сезіндім. Ол мені бағаламады деп ойлаймын. Азия ойындарында тағы да кездесеміз деп сенемін, — деді Асылқұлов.

Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов — 2025 жылғы әлем чемпионы және 2026 жылғы Азия чемпионы. Ал Абдумалик Халоков — 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы.

Екі боксшы да 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан