7 сағат бұрын
Бокстан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатына дайындығын бастады
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Аға жаттықтырушы Бақыт Сәрсекбаев жетекшілігімен Қазақстан жастар құрамасы Ыстықкөлде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.
U19 командасы алдағы үлкен додаларға жан-жақты дайындық жүргізіп, күш пен техникасын арттыру мақсатында ауқымды жұмыс атқарылып келеді.
Естеріңізге сала кетсек, биыл бұл жас дәрежесінде WORLD BOXING аясында Азия чемпионаты да, әлем чемпионаты да ұйымдастырылады. Құрлықтық сайыс 3-16 шілде Джакарта (Индонезия), ал дүниежүзілік дода 14-27 қазан Будваға (Монтенегро) жоспарланған.
Сонымен қатар, биыл жастар арасындағы Олимпиада Ойындары да өтпек. Кешенді жарыс 31 қазан мен 13 қараша аралығында Дакарда (Сенегал) ұйымдастырылады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан