4 сағат бұрын
Фос-ду-Игуасуда Қазақстанға екі жүлде кепілдендірілді
Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасы World Boxing ұйымы ұйымдастыратын 2026 жылғы Әлем кубогының алғашқы кезеңі басталмай жатып кемінде екі жүлдені қамтамасыз етті. Турнир 20–26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жібек Жарасқызы жарысты жартылай финалдан бастайды. Ол бұл кезеңде польшалық Эмилия Котерскамен кездеседі. Осылайша, қазақстандық боксшы кемінде қола медальді алдын ала иеленіп отыр.
Ал 81 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова бірден финалда жұдырықтасады. Бұл салмақта тек екі спортшы тіркелген, сондықтан ол алтын жүлде үшін венгриялық София Сирамен қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, Бразилиядағы бұл турнир — World Boxing ұйымының 2026 жылғы Әлем кубогының алғашқы кезеңі. Жарысқа 50 елден 400-ден астам спортшы қатысады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан