3 сағат бұрын
«Қазақ титаны» Эквадорда жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық жалаң жұдырық шебері әрі кәсіпқой боксшы Алмат Жұманов, «Қазақ титаны» лақап атымен танымал, келесі жекпе-жегінің өтетін күнін білді.
Ол 16 мамыр күні Эквадордың Кито қаласында өтетін Capital Box кәсіпқой бокс кешіне қатысады. Әзірге Жұмановтың қарсыласы белгісіз.
Айта кетейік, бокс ережесі бойынша өткізген тоғыз жекпе-жегінің жетеуі Латын Америкасында өткен: алтауы Колумбияда, біреуі Эквадорда ұйымдастырылған.
Алмат Жұманов соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 6 желтоқсанында Таиландтың Бангкок қаласында өткізген. Сол кездесуде ол жергілікті боксшы Джирасак Крансакунды бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген. Оның кәсіби рекорды — 8 жеңіс, 1 жеңіліс (5 нокаут).
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан