3 сағат бұрын
Назым Қызайбай бокстан әлем кубогын сәтті бастады
Фото: Қазақстан ҰОК
World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтетін бокстан әлем кубогында 20 сәуірде ел құрамасынан Назым Қызайбай (54 келі) алғашқы жекпе-жегін жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дүбірлі додада 3 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Түркия өкілі Айсен Таскинмен жолығып, 4:1 есебімен басым түсті.
Енді отандасымыз 22 сәуір күні 1/8 финалда Польша спортшысы Виктория Биата Рогалинскамен жұдырықтасады.
Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіледі.
Енді ел құрамасынан күндізгі сессияда 8-жұпта 1/16 финал. Жансері Көшербаев (60 кел) трландиялық Джуд Галлахер, 10-жұпта 1/8 финал. Дәулет Төлемісов бразилиялық Фильо Исайаспен қолғап түйістіреді.
Ал кешкі сессияда 4-жұпта 1/16 финал. Фарух Тоқтасынов (70 келі) ирландиялық Джон МакКоннел, 13-жұпта 1/16 финалда Диас Молжігітов (80 келі) жапониялық Кай Ториабемен шаршы алаңға шығады.
Сондай-ақ ел құрамасынан әлем кубогында олардан басқа Даниял Сәбит (50 келі), Бағлан Кенжебек (55 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 65 келі, Санжарәлі Бегалиев ( 75 келі), Сұлтан Айбарұлы (85 келі) шаршы алаңға шығады.
Ал әйелдер құрамасында Алуа Балқыбекова (55 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Наталья Богданова (70 келі), Жібек Жарасқызы (80 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) бар.
Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00 -де және кешкі сессия 01:00-де басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан