Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының алғашқы күнгі нәтижелері

Қазақстан құрамасының алғашқы күнгі нәтижелері

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының алғашқы кезеңінің бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан бес боксшы шаршы алаңға шықты.

Күндізгі сессияда Жансері Көшербаев, Дәулет Төлемісов және Назым Қызайбай өнер көрсетсе, кешкі сессияда Фарух Тоқтасынов пен Диас Молжігітов жұдырықтасты.

Жекпе-жек нәтижелері:

  • Ерлер, 60 кг, 1/16 финал: Жансері Көшербаев — Джуд Галлахер (Ирландия) — Галлахердің жеңісі (төрешілердің бөлінген шешімімен);
  • Ерлер, 70 кг, 1/16 финал: Фарух Тоқтасынов — Джон Макконнелл (Ирландия) — Тоқтасыновтың жеңісі (бөлінген шешіммен);
  • Ерлер, 80 кг, 1/16 финал: Диас Молжігітов — Каи Ториябе (Жапония) — Молжігітовтың жеңісі (2-раундта техникалық нокаут);
  • Ерлер, 90 кг, 1/8 финал: Дәулет Төлемісов — Исайас Фильо (Бразилия) — Фильоның жеңісі (төрешілердің бірауызды шешімімен);
  • Әйелдер, 54 кг, 1/16 финал: Назым Қызайбай — Айшен Ташкын (Түркия) — Қызайбайдың жеңісі (бөлінген шешіммен).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл турнирде бастапқыда 16 боксшымен қатысуда.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан