Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Фарух Тоқтасынов әлем чемпионымен жекпе-жек өткізеді

Фарух Тоқтасынов әлем чемпионымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстан құрамасының боксшысы Фарух Тоқтасынов Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының бірінші кезеңінде 1/8 финалға жолдама алып, келесі айналымда мықты қарсыласқа тап болды.

70 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Тоқтасынов ирландиялық Джон Макконнеллді төрешілердің бөлінген шешімімен жеңді.

Енді қазақстандық боксшы келесі кезеңде жапониялық Сэвон Окадзавамен жұдырықтасады. Ол — 2021 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы.

Тоқтасынов пен Окадзава арасындағы жекпе-жек 22 сәуірге жоспарланған.

Айта кетейік, Бразилиядағы Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20–26 сәуір аралығында өтуде. Турнирге 50 елден 400-ден астам спортшы қатысып жатыр.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан