Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Әлімханұлы WBO шешіміне қарсы апелляция берді

Әлімханұлы WBO шешіміне қарсы апелляция берді

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасы Дүниежүзілік бокс ұйымына (WBO) ресми түрде апелляция жолдап, қолданыстағы шеттету мерзімін қысқарту немесе толық алып тастауды сұрады.

Боксшы өткен жылдың желтоқсанында жоспарланған біріктірілген чемпиондық жекпе-жек алдында тапсырған допинг-тест нәтижесінде мельдоний заты анықталғаннан кейін уақытша шеттетілген болатын. WBO шешімі бойынша ол желтоқсан айына дейін жарыстардан шеттетілді.

WBO президенті Густаво Оливьери апелляция арнайы комитетте қаралып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, комиссия шешімді өзгертуі, күшінде қалдыруы немесе толық жоюы мүмкін.

Қазіргі таңда ұйым орта салмақта уақытша чемпиондық белбеуді енгізіп, дивизиондағы жағдайды реттеп отыр.

Айта кетейік, шеттетуге дейін Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған еді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан