8 сағат бұрын
Айбек Оралбай: боксшыларға қоғамның талабы жоғары
Қазақстан бокс құрамасының капитаны Айбек Оралбай боксшылардың жеңілістеріне жанкүйерлердің қатал реакциясы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
Спортшының айтуынша, дәл боксшылар көбіне көрермен тарапынан ең үлкен қысымға ұшырайды.
«Біз жеңілген кезде реакция әрдайым өте қатал болады. Басқа спорт түрлерінде, мысалы футболда, жеңіліске сабырлырақ қарайды. Ал боксшыларға талап жоғарырақ. Жанкүйерлер бізден үлкен үміт күтеді. Сондықтан сын да күштірек. Бізге тек жұмыс істеп, сол үмітті ақтауға тырысу ғана қалады», — деді Оралбай.
Оралбай Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі болып саналады. Оның қоржынында 2025 жылғы әлем чемпионы атағы, үш дүркін Азия чемпионы титулы және Жасөспірімдер Олимпиада ойындарындағы жеңісі бар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов