4 сағат бұрын
Айбек Оралбай: Азия чемпионатында өзімнің 60-70 пайыз әлеуетімді ғана көрсеттім
Қазақстан ерлер құрамасының капитаны, жуырда Моңғолияда өткен Азия чемпионатында аса ауыр салмақта алтын медаль жеңіп алған Айбек Оралбай өз өнеріне баға берді, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Бас бапкер Нұржан Насанов өз сұхбатында Нұрбек пен Айбек толықтай бабында болмады деді. Сіз де өзіңізді сары құрлық додасына 100% бабында болмадым деп ойлайсыз ба?
- Иә, біз бас бапкер Нұржан Насановқа физикалық дайындығымыздың толықтай 100% болмағанын алдын ала ескерттік. Шамамен 60-70 пайыз шамасында өз әлеуетімізді көрсеттік деп ойлаймыз. Бұйырса, қыркүйек айындағы жазғы Азия ойындарына сақадай cай боламыз. Өздеріңіз білетіндей, спортшы бір жылда 1-2 мәрте ғана дайындығының шыңына жетеді.
Айта кетейік, Айбек Оралбай өз мансабында 3 дүркін Азия чемпионы атанған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов