Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Бағлан Кенжебек әлем кубогында армениялық боксшыға есе жіберді

Бағлан Кенжебек әлем кубогында армениялық боксшыға есе жіберді

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында бүгін, 21 сәуірде ел құрамасынан Бағлан Кенжебек (55 келі) жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өтіп жатыр.

Отандасымыз бірінші айналымда Армения спортшысы Жирайр Саргсиянмен жұдырықтасып, 2:3 есебімен есе жіберді.

Енді ел құрамасынан кешкі сессияда Қазақстан уақытымен 3:00-де Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 келі) тунистік Хассен Атиамен шаршы алаңға шығады.

Айта кетсек, бұдан бұрын Назым Қызайбай (54 келі) Түркия өкілі Айсен Таскиннен 4:1 есебімен басым түсті.

Ел құрамасынан Жансері Көшербаев (60 келі), Дәулет Төлемісов (90 келі) жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Сондай-ақ әлем кубогында олардан басқа ерлер құрамасынан Даниял Сәбит (50 келі), Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Сұлтан Айбарұлы (85 келі) шаршы алаңға шығады.

Ал әйелдер құрамасында Алуа Балқыбекова (55 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Наталья Богданова (70 келі), Жібек Жарасқызы (80 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) бар.

Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00 -де және кешкі сессия 01:00-де басталады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан