16 сағат бұрын
Қазақстан құрамасының екінші күнгі нәтижелері қандай?
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының бірінші кезеңінің екінші жарыс күнінде Қазақстаннан екі боксшы шаршы алаңға шықты.
55 келіге дейінгі салмақта Бағлан Кенжебек 1/16 финалда армениялық Жирайр Саргсянмен кездесіп, төрешілердің бөлінген шешімімен 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Айта кетейік, үшінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберген.
Ал 65 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы тунистік Хассен Атиамен жұдырықтасып, төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Еске салайық, бұл турнирде Қазақстан құрамасы бастапқыда 16 боксшымен (9 ер, 7 әйел) қатысуда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан