Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Бокстан Әлем кубогы: бүгін кімдер рингке шығады?

Бокстан Әлем кубогы: бүгін кімдер рингке шығады?

Қазақстан құрамасы Бразилияда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогындағы жарысты жалғастыруда. Үшінші жарыс күні шаршы алаңға алты қазақстандық боксшы шығады.

Жарыс бағдарламасын Назым Қызайбай мен Фарух Тоқтасынов бастайды. Қызайбай 54 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда польшалық Виктория Рогалиньскамен кездеседі. Жекпе-жек Астана уақытымен шамамен 19:30-да өтеді. Ал Тоқтасынов 70 келіге дейінгі салмақта жапониялық Севон Окадзаваға қарсы 21:00 шамасында жұдырықтасады.

Түнгі сессияда тағы төрт қазақстандық боксшы рингке шығады. Шамамен 01:30-да Виктория Графеева (60 кг) әзербайжандық Эмили Рзаевамен кездеседі. Одан кейін 02:00-де Наталья Богданова (70 кг) түркиялық Бусеназ Сюрменелимен айқасады.

03:15 шамасында Даниял Сабит (50 кг) венгриялық Иштван Сакамен жекпе-жек өткізсе, 04:15-те Диас Молжигитов (80 кг) аустралиялық Марлон Севехонға қарсы шаршы алаңға шығады.

Турнирдің тікелей трансляциясын Бразилия бокс конфедерациясы жүргізеді.

Айта кетейік, екінші жарыс күні Қазақстан құрамасы бір жеңіс пен бір жеңіліс тіркеген еді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан