2 сағат бұрын
Фарух Тоқтасынов бокстан әлем кубогында сенсация жасады
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында бүгін, 22 сәуірде ел құрамасынан Фарух Тоқтасынов (70 келі) ширек финалға шықты.
Бұл жөнінде Sport12.kz мәлім етті.
Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіліп жатыр.
Қазақстандық былғары қолғап шебері 1/8 финалда жапониялық Севон Оказавамен кездесті.
70 келіде ел намысын қорғаған Фарух Тоқтасынов 1/8 финалда осы салмақтың басты фавориті саналған, әлем чемпионы Севон Окадзаваны (Жапония) 3:2 есебімен жеңіп кетті.
Осылайша Фарух сенсация авторы атанды. Севон Оказава қазірге дейін әлем чемпионы және күміс жүлдегері атанса, Азия чемпионатында екінші орын алған еді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Назым Қызайбай (54 келі) польшалық Виктория Рогалинскаға есе жіберді.
Ал кешкі сессияда Виктория Графеева (60 келі) әзербайжандық Емили Рзаева, Наталья Богданова (70 келі) түркиялық Бусеназ Сюрменели, Даниал Сәбит (50 келі) мажарастандық Иштван Шзака, Диас Молжігітов (80 келі) аустралиялық Марлон Севехонмен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан