Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Үш қазақстандық боксшы 1/8 финалда өнер көрсетеді

Үш қазақстандық боксшы 1/8 финалда өнер көрсетеді

23 сәуір күні Қазақстанның үш боксшысы Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының бірінші кезеңінде жекпе-жек өткізеді.

Күндізгі сессия (19:00) аясында А рингте Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 кг) 1/8 финалда франциялық Уго Граумен кездеседі. Бұл жекпе-жек 11-пара болып жоспарланған.

Ал В рингте Алуа Балқыбекова (55 кг) болгариялық Златислава Чукановаға қарсы 1/8 финалда жұдырықтасады. Бұл кездесу төртінші жұп ретінде өтеді.

Түнгі сессияда (24 сәуірге қараған түн, 01:00) Аида Әбікейева (65 кг) чехиялық Виктория Жилковамен кездеседі. Оның жекпе-жегі А рингте бесінші болып жоспарланған.

Айта кетейік, Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20–26 сәуір аралығында өтуде. Турнирге 50 елден 400-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы бастапқыда 16 боксшымен өнер көрсетуде.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан