Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Сейтжан WBA титулы үшін жұдырықтасады

Сейтжан WBA титулы үшін жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Рахат Сейтжан (10-0, 6 КО) ұзақ үзілістен кейін рингке қайта оралғалы отыр.

Ол Ресейдің Уфа қаласында өтетін IBA Pro 17 турниріне қатысады. Оның қарсыласы — жергілікті спортшы Данис Габдрафиков (5-0, 2 КО).

Жекпе-жек барысында WBA Asia East нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы аймақтық чемпиондық белбеу сарапқа салынады.

Айта кетейік, Рахат Сейтжан соңғы рет 2022 жылдың қараша айында Алматыда жұдырықтасып, тәжікстандық Расулжон Азимовты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ал оның қарсыласы Данис Габдрафиков өткен жылы Уфада өткен жекпе-жекте қазақстандық Теміржан Баймолданы техникалық нокаутпен жеңіп, қарсыласына кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін тарту еткен еді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан