13 сағат бұрын
Әлем чемпионы Севон Окадзава қазақ боксшысынан жеңілгені жайлы пікірін білдірді
Бокстан Бразилияда өтіп жатқан әлем кубогының бірінші кезеңінде 70 келіде басты фаворит саналған Севон Окадзава 1/8 финалда Фарух Тоқтасыновтан есе жіберген болатын, деп хабарлайды Sport12.kz
Осы орайда Жапония боксшысы әлеуметтік желісінде жазба жариялады.
"Қатты соққы алдым (жеңіліс таптым).
Бірақ әлі де күшейе аламын.
Өзімнің әлсіз болғанымды көрсеткенің үшін рақмет.
Ішімде от жанып тұр. Күте тұр, Азия ойындары!", - делінген боксшының жазбасында.

Айта кетейік, Севон Окадзава Моңғолияда өткен Азия чемпионатының жартылай финалында жарақатына байланысты жарыс жолын ерте аяқтаған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов