10 сағат бұрын
Әлем чемпионы Наталья Богданова: жеңілісті қабылдау қиын
Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен World Boxing бокстан Әлем кубогының 1/8 финалында жеңілгеннен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Менің қолымды көтермеді.
Көпшіліктің маған сенгенін және басқа нәтиже күткенін білемін. Мен де жеңіске үміт арттым. Бірақ ол үмітті ақтай алмадым. Жеңілісті қабылдау қиын. Бірақ жеңіліс те менің жолымның бір бөлігі.
Жекпе-жекке дейін, барысында және одан кейін қолдау білдірген баршаңызға рақмет. Хабарламаларыңызды көріп отырмын және оны сөзбен жеткізгеннен де артық бағалаймын.
Қателіктерімді талдап, қорытынды жасап, күштірек болып ораламын.
Қасымда болғандарыңызға рахмет», — деп жазды ол Instagram парақшасында.
Айта кетейік, 70 келідегі Наталья Богданова Токио-2020 Олимпиада чемпионы әрі үш дүркін әлем чемпионы түркиялық Бусеназ Сюрменелимен жұдырықтасты. Нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен 0:4 есебімен жеңіліп қалған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов