8 сағат бұрын
Қазақстан боксшыларының төртінші күнгі нәтижесі қандай?
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасы жарыстың төртінші күні үш жекпе-жек өткізді.
Күндізгі сессияда Алуа Балқыбековна (55 кг) болгариялық Златислава Чуканованы 4:1 есебімен жеңді. Ал Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 кг) франциялық Уго Фрауға 2:3 есебімен жол берді.
Кешкі сессияда Аида Әбікеева (65 кг) чехиялық Виктория Жилкованы 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Осылайша, Қазақстан құрамасының он боксшысы турнирдегі жарысты жалғастыруда.
Ал ерлер арасында Бағлан Кенжебек (55 кг), Жансері Қошербаев (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 кг) және Дәулет Төлемісов (90 кг), әйелдер арасында Назым Қызайбай (54 кг) мен Наталья Богданова (70 кг) жарысты аяқтады.
Айта кетейік, Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20–26 сәуір аралығында өтуде. Жарысқа 50 елден 400-ден астам спортшы қатысуда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан