Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Бүгін Қазақстанның сегіз боксшысы медаль үшін жұдырықтасады

Бүгін     Қазақстанның сегіз боксшысы медаль үшін жұдырықтасады

Бүгін, 24 сәуір күні, Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогы кезеңінде Қазақстанның сегіз боксшысы ширек финалда өнер көрсетеді.

Күндізгі сессия (Астана уақытымен 19:00) аясында рингке Виктория Графеева (60 кг), Фарух Тоқтасынов (70 кг) және Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг) шығады.

Ал кешкі сессияда (01:00) тағы бес қазақстандық жұдырықтасады: Аида Әбікеева (65 кг), Диас Молжігітов (80 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг), Даниял Сабит (50 кг) және Санжарәли Бегалиев (75 кг).

Айта кетейік, ширек финалда жеңіске жеткен боксшылар кем дегенде қола медальді қамтамасыз етеді.

Турнирдің алғашқы кезеңі 20–26 сәуір аралығында өтуде. Жарысқа 50 елден 400-ден астам спортшы қатысып жатыр.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан