8 сағат бұрын
World Boxing ұйымы Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты шешім шығарды
Бразилиядағы Әлем кубогі бірінші кезеңінің 1/8 финалы аясында өткен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Хуго Грау (Франция) жекпе жегінің нәтижесі бойынша Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына хат жолдаған болатын, деп хабарлайды Sport12.kz
Спорт бөлімінен келесі жауап келді:
“Күнделікті R&J (Төрешілер мен қазылар) бағалау жиынында осы жекпе жекті қайта қарағаннан кейін келесі шаралар қабылданды.
№175 жекпе жек. Хуго Грау (FRA) - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (KAZ)
24 сәуір R&J барлық 8 сарапшысы жекпе жекті қайта қарап шықты. Сарапшылардың көпшілігі 2 және 3 раундтарды Қазақстан пайдасына 9-10 «айқын басымдық» деп таныды. Бұл дегеніміз, сарапшылардың пікірінше, бұл екі раунд үшін жалғыз қолайлы ұпай - 9-10.
Осы тексерістің нәтижесінде, жеңісті Франция боксшысына берген 3 төрешіге өз жұмыстары үшін санкция (жаза) қолданылды.
Сонымен қатар, осы 3 төрешінің екеуі жарыстан шеттетілді және осы турнир аясында төрелік ету құқығынан айырылды”.
Виктория Графеева әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов