Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Әлем кубогының жартылай финалында отандастарымыз жұдырықтасады

Әлем кубогының жартылай финалында отандастарымыз жұдырықтасады

25 сәуір күні Қазақстанның алты өкілі World Boxing аясында өтетін бокстан Әлем кубогында жартылай финалдық жекпе-жектер өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Күндізгі сессияда (Астана уақытымен 19:00-де) А рингінде Жібек Жарасқызы (80 кг) мен Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг) өнер көрсетеді. Ал В рингінде Виктория Графеева (60 кг) жекпе-жек өткізеді.

Тағы үш жекпе-жек кешкі сессияда (01:00-де) өтеді. Финалға шығуға Аида Әбікеева (65 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг) және Диас Молжігітов (80 кг) таласады.

Күндізгі сессия (19:00)

Ринг А

80 кг, әйелдер, жартылай финал: Жібек Жараскызы — Эмилия Котерска (Польша), 5-жұп;

85 кг, ерлер, жартылай финал: Сұлтанбек Айбарұлы — Валерий Вальтер (Германия), 9-жұп;

Ринг Б

60 кг, әйелдер, жартылай финал: Виктория Графеева — Анета Эльжбета Рыгельска (Польша), 3-жұп;

Кешкі сессия (01:00)

Ринг А

65 кг, әйелдер, жартылай финал: Аида Әбікеева — Ошин Дерию (Бельгия), 3-жұп;

Ринг Б

51 кг, әйелдер, жартылай финал: Алуа Балқыбекова — Синью Ци (Қытай), 1-жұп;

80 кг, ерлер, жартылай финал: Диас Молжігітов — Вандерлей Перейра (Бразилия), 9-жұп.

Бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20–26 сәуір аралығында өтуде. Оған 50 елден 400-ден астам боксшы қатысуда.

Бокстан әлем кубогының ширек финалы қалай өтті?



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан