4 сағат бұрын
Фарух Тоқтасынов: елімнің үмітін ақтай алмадым
Бокстан Бразилиядағы әлем кубогының ширек финалында жеңілген Фарух Тоқтасынов әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz
"Бүгін менің Әлем кубогындағы жолым 1/4 финалда аяқталды. Өкінішке қарай, елімнің үмітін ақтай алмадым. Бұл мен үшін ауыр.
Бірақ бұл соңғы нүкте емес, бұл - сабақ. Қателіктерден қорытынды шығарып, одан да мықты болып қайта ораламын.
Мені қолдаған барлық жандарға алғысымды білдіремін — жақындарыма, командама және мен үшін жанкүйер болған әр адамға. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте маңызды.
Алға қарай қозғалысты тоқтатпаймыз", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 70 келіде сынға түскен отандасымыз басты сенсациялардың бірін тіркеп, әлем чемпионы Севон Окадзаваны жарыстан шығарған еді.
Әлем кубогының жартылай финалына қай елдің боксшылары шықты?
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов