1 сағат бұрын
Жәнібек Әлімханұлы: Дензел Бентли менімен шығудан қорқады
Орта салмақта World Boxing Organization тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы уақытша чемпион атанған британиялық Дензел Бентлидің жазбасына жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлы ағзасынан мельдоний табылуына байланысты уақытша 1 жылға спорттан шеттетілген. Осы жағдайды Дензи Бентли пайдаланып, өзін толыққанды чемпион деп тануды талап етті.
— Қазір ол менің ресми қарсыласым. Бірақ титулды жекпе-жексіз тартып алғысы келеді. Енді жұрттан қолдау сұрап отыр. Неге? Себебі ол менімен жұдырықтасудан қорқады, — деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, Дензел Бентли венесуэлалық Эндри Сааведраны жеңіп, WBO-ның уақытша чемпионы атағын иеленген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов