3 күн бұрын
Диас Молжігітов әлем кубогында жекпе-жек өткізбейді
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында Диас Молжігітов (80 келі) жарақатына байланысты жарысты тоқтатты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қарсылас алғашқы раундтан шабуылға ұмтылып, басымдықты қолға алуға тырысты. Ал Сұлтанбек өз кезегінде аяқпен шебер қимылдап, Валериждің алдын орап кетті. Қорытынды есеп: 5:0. Сұлтанбек енді алтынға таласады.
Айта кетсек, бұдан бұрын Сұлтанбек Айбарұлы 1/2 финалда Германия боксшысы Валериж Валтер, Виктория Графеева (60 келі) польшалық Анета Элзивета Рыгельсканы жеңсе, Жібек Жарасқызы (80 келі) сол елдің тағы бір өкілі Эмилия Котерскаға есе жіберді.
Енді ел құрамасынан кешкі сессияда Аида Әбікеева (65 келі) бельгиялық Ошин Дирию, Алуа Балқыбекова
(51 келі) қытайлық Ксиню Кимен шаршы алаңға шығады.
Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіліп жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан