2 күн бұрын
Бокстан төрт отандасымыз әлем кубогының финалында жұдырықтасады
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокс бойынша Әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Sport12.kz.
Соңғы жарыс күні рингке Қазақстанның төрт өкілі шығады.
Атап айтқанда, шешуші жекпе-жектерін Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг дейін), Виктория Графеева (60 кг дейін), Аида Әбікеева (65 кг дейін) және Валерия Аксенова (80 кг-нан жоғары) өткізеді.
26 сәуірге жоспарланған қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі:
Күндізгі сессия (Астана уақытымен 19:00-де басталады)
4-жұп: Ребека Сантос (Бразилия) – Виктория Графеева (Қазақстан)
Кешкі сессия (Астана уақытымен 27 сәуірге қараған түні 00:00-де басталады)
5-жұп: Аида Әбікеева (Қазақстан) – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
8-жұп: Кайе Белини (Бразилия) – Сұлтанбек Айбарұлы (Қазақстан)
9-жұп: София Зира (Венгрия) – Валерия Аксенова (Қазақстан)
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық үш боксшы турнирдің қола жүлдегерлері атанған: Диас Молжігітов (80 кг дейін), Алуа Балқыбекова (51 кг дейін) және Жібек Жарасқызы (80 кг дейін).
Бокстан әлем кубогының жартылай финалы қалай өтті?
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов