4 күн бұрын
Бокстан Әлем кубогының финалына қай елдер шықты?
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing ұйымының қолдауымен бокстан Әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгін, жарыстың соңғы күнінде рингке Қазақстанның төрт өкілі шығады.
Атап айтқанда, шешуші жекпе-жектерін Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг дейін), Виктория Графеева (60 кг дейін), Аида Әбікеева (65 кг дейін) және Валерия Аксенова (80 кг-нан жоғары) өткізеді.
Финалға шыққан боксшылар саны бойынша Қазақстан Бразилиядан қалып отыр. Жарыс қожайындары сапынан Әлем кубогы кезеңінде тоғыз финалисі чемпиондыққа таласады.
Қытайда да төрт финалист бар. Әзірбайжаннан үш спортшы финалда өнер көрсетеді. Ал Өзбекстан, Норвегия, Польша, Венгрия және Испания құрамаларында екі финалисттен бар.
Аустралия, Сербия, Армения, АҚШ, Мексика, Франция, Марокко, Венесуэла, Жапония және Хорватия құрамаларында Бразилиядағы Әлем кубогы кезеңінің шешуші жекпе-жектерінде бір-бірден боксшы өнер көрсетеді.
Даулы жеңіліске ұшыраған Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мәлімдеме жасады
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов