22 сағат бұрын
Айбарұлы Қазақстанға екінші алтын медаль сыйлады
Қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының бірінші кезеңінде чемпион атанды.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Айбарұлы алаң иесі Кауэ Белинимен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы төрешілердің екіге бөлінген шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Сұлтанбек Айбарұлы Қазақстан құрамасына турнирдегі екінші алтын медальді әкелді. Ал бразилиялық былғары қолғап шебері күміс жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, Әлем кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан сапынан төрт боксшы сынға түсті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан