10 сағат бұрын
Қазақстан Әлем кубогында үшінші алтынға қол жеткізді
Қазақстандық боксшы қыз Валерия Аксенова Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының бірінші кезеңінде чемпион атанды.
80 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалда Аксенова Венгрия өкілі Жофия Сирамен қолғап түйістірді. Қазақстандық спортшы қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Валерия Аксенова Қазақстан құрамасына турнирдегі үшінші алтын медальді сыйлады. Айта кетейік, бұл оның жарыстағы жалғыз жекпе-жегі болды.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы сапынан Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг) мен Виктория Графеева (60 кг) алтын жүлде иеленген еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан