4 сағат бұрын
Темировтың келесі қарсыласы анықталды
Қазақстандық боксшы Виктор Темиров өзінің келесі жекпе-жегін өткізетін күнін жариялады. Ол 1 мамыр күні Германияның Гамбург қаласында венесуэлалық Карлос Риверомен кездеседі.
Карлос Ривероның кәсіби рекорды — 32 жеңіс, 12 жеңіліс және 1 тең нәтиже. Ал Виктор Темиров әзірге жеңіліссіз өнер көрсетіп келеді — 10 жеңіс, 7 нокаут.
Спортшы әлеуметтік желідегі жазбасында алдағы жекпе-жекке дайындалып жатқанын атап өтті.
Темировтың айтуынша, бұл оның соңғы жаттығулары болып, сол күні Германияға аттанады.
Бұл жекпе-жек қазақстандық боксшы үшін ақпан айынан бергі алғашқы кездесу болмақ. Ол сол кезде Доминик Арнольдты мерзімінен бұрын жеңіп, WBF нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атағын иеленген еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан