7 сағат бұрын
Павловтың келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Евгений Павлов (11-0, 8 KO) АҚШ-тағы жеңісінен кейін рингке жазда қайта оралады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Павловтың келесі жекпе-жегі 18 шілдеде АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Хановер қаласында өтеді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.
Еске салайық, 25 сәуір күні қазақстандық боксшы Балтиморда өткен бокс кешінде америкалық Антонио Дантон Эл кішімен (6-6-2, 2 KO) кездесіп, алты раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Айта кетейік, бұл Павловтың 2023 жылдан бергі кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан