Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Темиров бүгін Гамбургте шаршы алаңға шығады

Темиров бүгін Гамбургте шаршы алаңға шығады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров Германиядағы жекпе-жек қарсаңында ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

1 мамыр күні Гамбургте өтетін бокс кешінде ол венесуэлалық Карлос Риверомен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек алдында қос спортшы да орта салмақ дәрежесінің лимитіне сай келді.

Айта кетейік, Темиров соңғы кездесуін ақпан айында дәл осы Германияда өткізіп, неміс боксшысы Доминик Арнольдты техникалық нокаутпен жеңген еді. Сол жекпе-жекте ол WBF нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанған.

Ал Карлос Риверо соңғы рет наурыз айында Сербияда шаршы алаңға шығып, жергілікті боксшы Мильян Джорджевичтен мерзімінен бұрын жеңілген болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан