3 сағат бұрын
Монсон World Boxing шешімін екіжүзділік деп атады
АҚШ-та туған, кейін Ресей азаматтығын алған аралас жекпе-жек шебері Джефф Монсон World Boxing ұйымының шешіміне қатысты пікір білдірді.
Ол ресейлік және беларусь спортшыларына жарыстарға тек бейтарап мәртебеде қатысуға рұқсат беруді әділетсіз деп санайтынын айтты.
— Мен World Boxing-тың ресейлік және беларусь спортшыларына жарысуға мүмкіндік бергеніне қуаныштымын. Бірақ олардың өз елінің туы астында өнер көрсете алмауы — әділетсіз әрі екіжүзді шешім, — деді Монсон.
Бұған дейін ұйым Ресей мен Беларусь боксшыларына барлық жас санаттарында жарысқа қатысуға рұқсат бергенін мәлімдеген болатын. Алайда спортшылар ұлттық туларын қолдана алмайды және арнайы тексерістен өтуі тиіс.
Айта кетейік, World Boxing ұйымын қазақстандық Геннадий Головкин басқарады. Ұйым 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бокс турнирін және іріктеу жарыстарын ұйымдастырады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан