17 сағат бұрын
Сәкен Бибосынов чемпиондық жекпе-жекке шығады
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов титулдық жекпе-жегін 23 мамыр күні өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Токио Олимпиадасының қола жүлдегерінің қарсыласы Индонезияның жеңіліп көрмеген өкілі Сурия Дхарма болмақ.
Жекпе-жек өтетін орын өзгеріссіз қалды: кездесу Бішкек қаласындағы «Газпром» спорт кешенінің аренасында өтеді. Бұл кеште WBA Asia нұсқасы бойынша бос тұрған чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
Айта кетейік, Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы дебюті 2025 жылғы 20 шілдеде Бішкекте өтті. Сол жекпе-жекте ол филиппиндік Кристиан Легане (6-2-3, 4 КО) қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберген еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов