Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Қазақстандық боксшы төрт жылдан кейін рингке оралмақ

Қазақстандық боксшы  төрт жылдан кейін рингке оралмақ

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қонқабаев (5-0, 4 КО) кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегін 9 мамыр күні Черногорияның Никшич қаласында өткізеді.

Мәліметке сәйкес, оның қарсыласы венесуэлалық 48 жастағы Йонни Молина (15-15-1, 9 КО) болмақ. Аса ауыр салмақтағы кездесу алты раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін Қамшыбек 24 мамырда Англияның Болтон қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетуді жоспарлаған, алайда оның жоспары өзгерген.

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың наурыз айында Алматыда өткізіп, өзбекстандық Фаррух Джураевты техникалық нокаутпен жеңген болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан