06.05.2026
Дмитрий Бивол биыл жанкүйерлер асыға күткен айқасқа шығады
Америкалық боксшы Дэвид Бенавидес ресейлік Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұған дейін Бенавидес Хильберто Рамиресті жеңіп, бірінші ауыр салмақта екі чемпиондық белбеуді иеленген болатын.
«Қазір Усик — әлемдегі ең үздік боксшы. Одан кейін Иноуэ және мен. Мен өзімді үздік үштікке лайықпын деп есептеймін. Иноуэге үлкен құрметпен қараймын.
Мен Биволмен жұдырықтасу үшін қайтадан жартылай ауыр салмаққа түскім келеді. Мұны жанкүйерлер дайын болу үшін ашық айтып отырмын. Бірінші ауыр салмақта екі белбеуді алдым. Eнді жартылай ауыр салмақта барлық белбеулерді жинайтын уақыт келді.
Біздің нақты қашан жекпе-жек өткізетінімізді айта алмаймын. Оның жоспарланған айқасы бар әрі жарақат алу қаупі де болады. Бірақ біз қазірдің өзінде келіссөздер жүргізіп, жекпе-жек туралы сөйлесіп жатырмыз. Қыркүйекте ұйымдастырсақ жақсы болар еді. Қалай болғанда да, жыл соңына дейін жұдырықтасамыз», — деді Бенавидес Ариэль Хельваниге берген сұхбатында.
Айта кетейік, қос боксшының жекпе-жегі кейінгі 2-3 жыл төңірегінде үздіксіз айтылып келе жатыр.
Павлов «Пабло» лақап атының қалай пайда болғанын айтты
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов