07.05.2026
Әлімханұлы P4P рейтингінде «Канелодан» озып кетті
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Boxing Metrics нұсқасы бойынша жаңартылған P4P рейтингінде мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жоғары орналасты.
Орта салмақтағы WBO чемпионы рейтингте алтыншы орынға көтерілсе, «Канело» сегізінші сатыға жайғасты. Дегенмен, Әлімханұлы алдыңғы рейтингпен салыстырғанда бір позиция төмендеді. Бұған дейін қазақстандық боксшы бесінші орында болған, алайда оны ресейлік Дмитрий Бивол басып озды.
Жәнібек кәсіпқой рингте әлі күнге дейін жеңіліп көрмеген. Оның еншісінде 17 жеңіс бар, оның 12-сі нокаутпен аяқталған. Соңғы жекпе-жегін ол 2025 жылдың сәуірінде өткізіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгені техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Қазіргі уақытта Әлімханұлы мельдонийге қатысты допинг-сынамаға байланысты уақытша жарыстардан шеттетілген. Соған қарамастан WBO ұйымы оны толыққанды әлем чемпионы ретінде қалдырды.
Ал Сауль Альварес америкалық Теренс Кроуфордтан жеңілгеннен кейін рингке қайта оралуға дайындалып жатыр. Сол жекпе-жектен кейін мексикалық боксшы барлық чемпиондық белбеулерінен айырылған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан