08.05.2026
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі нокаут тіркеді
Ташкентте өтіп жатқан U15 және U17 жас санаттарындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшылары сәтті өнер көрсетіп жатыр.
Турнирдің бесінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар ширек финалдық кездесулерін өткізіп, бірнеше былғары қолғап шебері жартылай финалға жолдама алды.
46 келіге дейінгі салмақта Милана Иншина мен 75 келідегі Диана Надырбек қарсыластарын техникалық нокаутпен жеңіп, күннің ең жарқын жеңістерінің бірін тіркеді.
Сонымен қатар, Хатшепсут Садвакасова (50 кг), Розалия Вайдеман (57 кг) және Балым Ғабитқызы (60 кг) да жартылай финалға шықты.
Ал Лашын Дәулетжан, Гүлбану Бекмұрат, Эльнура Қонырат, Алина Кожевникова және Аян Жандосұлы жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады.
Айта кетейік, Азия чемпионаты Ташкент қаласында жалғасып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан