Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Жезқазғанда Айбат Амановты еске алуға арналған республикалық турнир басталды

Жезқазғанда Айбат Амановты еске алуға арналған республикалық турнир басталды

Жезқазғандағы «Жігер» спорт кешенінде Ұлттық ұлан жауынгері, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Айбат Амановты еске алуға арналған бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы І республикалық турнир басталды.

Турнирге Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен бірнеше облыстан 100-ге жуық боксшы қатысуда. Олар 15 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Айбат Аманов Ұлытау облысында дүниеге келген. Жастайынан бокспен айналысып, облыс құрамасында өнер көрсеткен. 2022 жылы Ұлттық ұлан сапында қызмет атқарып жүріп, қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда ерлікпен қаза тапты. Кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Үш күнге созылатын турнирдің жабылу салтанаты 9 мамыр күні өтеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан