3 күн бұрын
Насанова Азия чемпионатының финалына шыға алмады
Қазақстандық жас боксшы Айша Насанова Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліс тапты.
35 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде U-15 құрамасы сапында өнер көрсеткен Айша Өзбекстан өкілі Сарвиноз Зоировамен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің алғашқы раундында төреші кездесуді тоқтатып, қарсыласына техникалық нокаутпен жеңіс берді.
Осылайша, Айша Насанова Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады. Ал өзбекстандық боксшы финалда алтын медаль үшін сынға түседі.
Айта кетейік, U-15 және U-17 жас санаттарындағы Азия чемпионаты 3–15 мамыр аралығында Ташкент қаласында өтіп жатыр. Қазақстан бұл додаға төрт құрамамен қатысуда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан