2 сағат бұрын
Иншина АЧ-2026 финалына шыға алмады
Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Милана Иншина жартылай финалда жеңіліске ұшырады.
U-17 санатында 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Иншина өзбекстандық Рухшонабону Ахадовамен кездесті. Жекпе-жек екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталып, жеңіс қарсыласқа бұйырды.
Осылайша, Ахадова финалға жолдама алса, Иншина құрлықтық біріншіліктің қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, турнир World Boxing ұйымының аясында өткізіліп жатыр және 15 мамырға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан