16 сағат бұрын
Розалия Вайдеман Азия чемпионатында U17 санатында қола алды
stock.adobe.com
Бокстан Ташкенттегі (Өзбекстан) Азия чемпионатында U17 санатында Розалия Вайдеман (57 келі) қола жүлдегер болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол жартылай финалда Сара Кономен (Жапония) кездескен Розалия қарсыласқа жол берді.
Сондай-ақ ел құрамасынан 50 келіде Хатшепсут Садвакасова Азия чемпионатының финалына өтті: Ол жартылай финалда Рим Алмарахимен (Иордания) күш байқасып, айқын басымдылықпен жеңіске жетті.
Ал 46 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Рухшабону Ахадовамен (Өзбекстан) кездескен Милана қарсыласқа жол берді. Осылайша қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетсек, құрлықтық додада бүгін ел құрамасынан он боксшы финал жолдамасын сарапқа салуға мүмкіндік алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан