12 сағат бұрын
Бокстан Азия чемпионаты тағы екі боксшымыз алтынға таласады
Фото: alamy.com
Бокстан Ташкенттегі (Өзбекстан) Азия чемпионатында U17 санатында тағы екі қазақстандық боксшы финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алдымен 60 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы Балым Ғабитқызы жартылай финалда Ишикамен (Үндістан) күш байқасып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Оған қоса 66 келі салмақ дәрежесіндегі боксшымыз жартылай финалда Харнур Каурмен (Үндістан) күш байқасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Сондай-ақ ел құрамасынан 50 келіде Хатшепсут Садвакасова Азия чемпионатының финалына өтті: Ол жартылай финалда Рим Алмарахимен (Иордания) күш байқасып, айқын басымдылықпен жеңіске жетті.
Ал 46 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Рухшабону Ахадовамен (Өзбекстан) кездескен Милана қарсыласқа жол берді. Осылайша қола жүлдені қанағат тұтты.
Ал Розалия Вайдеман жартылай финалда Сара Кономен (Жапония) кездескен Розалия қарсыласқа жол берді.
Айта кетсек, құрлықтық додада бүгін ел құрамасынан он боксшы финал жолдамасын сарапқа салуға мүмкіндік алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан