12 сағат бұрын
Бокстан U17 жас санатындағы Азия чемпионатының финалистері анықталды
Бүгін Ташкентте U17 жас санатында қыздар арасында Азия чемпионатының финалистері анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстан құрамасынан 8 боксшы шаршы алаңға шығып, 5 спортшы ақтық сынға жолдама алды.
46 келі. Милана Иншина Рухшабону Ахадоваға (Өзбекстан) жол берді. Милананың еншісінде қола жүлде.
50 келі. Хатшепсут Садвакасова айқын басымдықпен Рим Алмарахиді (Иордания) жеңді
57 келі. Розалия Вайдеман Сара Коноға (Жапония) есе жіберді.
60 келі. Балым Ғабитқызы - Ишика (Үндістан) 3:2
66 келі. Аяулым Оспанова - Харнур Каур (Үндістан) - 5:0
70 келі. Айлин Ходжамбердиева - Карина Илмуратова (Өзбекстан) - 1:4
75 келі. Диана Надырбек - Лобар Шаймонова (Өзбекстан) - 5:0
80 келі. Жансая Ержан айқын басымдықпен Гуенх Хуонг Хоангты (Вьетнам) жеңді
Бұл жас санатындағы финал 15 мамырға жоспарланған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов