Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Жезқазғанда Айбат Амановты еске алу турнирі мәресіне жетті

Жезқазғанда Айбат Амановты еске алу турнирі мәресіне жетті

Жезқазған қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі, III дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Айбат Амановты еске алуға арналған бокстан І республикалық турнир аяқталды. Үш күнге созылған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік былғары қолғап шеберлері қатысып, 15 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте Ұлытау облысының құрамасы топ жарды. Екінші орынды Абай облысының боксшылары иеленсе, Маңғыстау облысының командасы үздік үштікті түйіндеді.


Ұйымдастырушылар жарыстың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, болашақта бұл турнирді халықаралық деңгейге шығаруды жоспарлап отырғандарын жеткізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Айта кетейік, Айбат Аманов — Ұлытау облысының тумасы, жас кезінен бокспен айналысып, облыстық және республикалық жарыстарда топ жарған спортшы. Әскери борышын өтеу барысында ерлікпен қаза тапқан жауынгер Президент Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан